Қытай Ираннан Қызыл теңіздегі шабуылдарды тоқтату үшін Йеменнің хуситтеріне қысым жасауды сұрады
Бұл туралы Иранның анонимді дереккөздеріне сілтеме жасай отырып Reuters хабарлады.
Қытай басшылығы Иран билігінен Йемендегі хуситтерді сауда кемелеріне шабуыл жасауды тоқтатуды сұраған, себебі бұл екі жақты сауда-саттықа қауіп төндіруде.
Бейжің мен Тегераннан келген делегациялар бұл мәселе бойынша бірнеше кездесулер өткізді.
Дереккөздің айтуынша, Қытай шенеуніктері Қытайдың кез келген кемесіне зиян келсе немесе олардың мүддесіне әсер етсе, Ираннан қатты көңілі қалатынын анық көрсетті.
Былай айтқанда Қытай «егер біздің мүддемізге қандай да бір жолмен зиян келсе, біздің Тегеранмен жүргізіп отырған істерімізге әсер етеді деп» мәлімдеді. Сондықтан хуситтерге ұстамдылық танытуды айтыңыз, – дейді агенттік дереккөзі.
АҚШ осыған дейін Қытайдан хуситтерді ұстап тұру үшін Иранға ықпал ету тетіктерін қолдануды сұраған.
Айта кетейік, Қытай – Иранның соңғы 10 жылдағы ең ірі сауда серіктесі. Қытайлық мұнай өңдеу зауыттары 2023 жылы Иран өндірген шикі мұнай көлемінің 90%-дан астамын сатып алды.