Газа ашық аспан астындағы түрме сияқты – Түркия СІМ

«Бұл жер бейбіт тұрғындарды қыратын соғыс алаңына айналды»

Нұрдәулет Кәкіш
25/01/2024 - 16:05

Фото: TRT

Фото: TRT

«Газада және басқа жерлерде жалғасып жатқан соғыс бейбітшілік әкелмейді. Бұл соғысты тоқтату үшін тарихи жауапкершілігіміз бар» деп мәлімдеді Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде өткен Палестина тақырыбындағы сессиясында. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық қауымдастықтың Газа мен Батыс Шериядағы қантөгісті тоқтатуда әлі де дәрменсіз екенін тілге тиек еткен Фидан:

«Газа ашық аспан астындағы түрме сияқты. Қазір бұл жер Израиль премьер-министрінің әскери операциялар ұйымдастырып, бейбіт тұрғындарды қыратын соғыс алаңына айналды», - деді.

Хакан Фиданның айтуынша, қазіргі соғыс тек Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Израильдің өзін-өзі қорғауға құқығы бар деген мәлімдемелер сенімділіктен алыс. Оның үстіне бұл мәлімдемелерді жасағандар Палестинаның қауіпсіздігін немесе өзін-өзі қорғау құқығын ешбір жағдайда айтпайды. Газа және Батыс Шериядағы жағдай қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғау құқығына көбірек мұқтаж екенін анық көрсетеді», - деп қосты ол.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91