Солтүстік Корея жаңа зымыранын сынақтан өткізді

Корей түбегіндегі жағдай ушығуы мүмкін

Ануар Маратов
25/01/2024 - 15:39

Фото: Кореяның орталық телеграф агенттігі

Фото: Кореяның орталық телеграф агенттігі

Солтүстік Корея жаңа стратегиялық қанатты зымыранын сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Пулхвасал-3-31» деп аталатын зымыранның ұшырылымы көрші елдердің қауіпсіздігіне әсер етпейді, сынақ сонымен қатар елдің қару-жарақ жүйесін жаңарту процесінің бір бөлігі болып есептеледі, деп хабарлады Солтүстік Кореяның орталық телеграфтық агенттігі.

Оңтүстік Кореяның біріккен штаб бастықтарының хабарлауынша, бұл сынақ қолданыстағы зымырандардың мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілді.

Оңтүстік Кореяның хабарлауынша солтүстіктегі көршілері қанатты зымырандарын таңғы сағат 7-де ұшырды деп мәлімдеді, ал елдің қорғаныс министрі Син Вон Сик бұл сынақты өз еліне үлкен қауіп төндіретінін айтып айыптады.

Айта кетейік, жуырда Солтүстік Корея кезекті баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91