Boeing ұшақтарынан қауіпті кемшілік табылды

Alaska Airlines директоры Boeing ұшақтарындағы болттардың жаппай босатылғанын хабарлады

Нұрдәулет Кәкіш
24/01/2024 - 20:08

ФОТО: PIXABAY.COM

ФОТО: PIXABAY.COM

Alaska Airlines тасымалдаушысының бас директоры Бен Меникуччи NBC News-ке білдірген пікірінде американдық авиациялық техника өндірушісі Boeing-тің көптеген ұшағында болттардың жаппай босатылғанын анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі mk.ru басылымына сілтеме жасап.

Тексеру барысында авиакомпания сарапшылары Boeing техникасының кейбір бөлшегі бекітілмегенін анықтады. Болттар бұралмаған болып шықты.

«Біздің компанияда да осындай жағдай болды. Бұл жағдай біздің қызметкерлерімізде, клиенттерімізде болды. Boeing-ке өздерінің сапа бағдарламаларын жақсарту үшін не істейтіндері туралы сұрақ қойғым келеді», - деді Меникуччи.

×

Редакция

$ 521.67  592.46  6.32