Мәскеуге ұшып бара жатқан ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады

Өткен түнде Ауғанстанда қайғылы оқиға болды

Админ
22/01/2024 - 00:32

Francois Mori/AP

Francois Mori/AP

Мәскеуге бет алған ұшақ Ауғанстанның солтүстік-шығысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sarbaz.kz euronews сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Бадахшан провинциясында техникалық ақауға байланысты құлаған.

«Талибан» қозғалысы өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы топ жіберілген.

Росавиацияның хабарлауынша, Ауғанстанда радардан жоғалып кеткен ұшақ Athletic Group компаниясына тиесілі, оның бортында 6 адам болған. 

Санитарлық рейспен ұшып шыққан ұшақ Ташкент арқылы Мәскеуге бет алған. Росавиация Ауғанстан мен Тәжікстанның авиациялық билігімен байланыста.

Тегтер

×

Редакция

$ 465.52  498.2  5.45