Ресей НАТО-ның 90 мың сарбазы қатысатын жаттығуларына пікір білдірді

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі НАТО-ның мұндай жаттығулары қауіпті арттыратынын, бірақ Ресейді қорқыта алмайтынын мәлімдеді

Админ
21/01/2024 - 23:57

REUTERS

REUTERS

НАТО-ның Steadfast Defender («Мықты қорғаушы») ауқымды жаттығулары одақтың қырғи-қабақ соғыс үлгілеріне оралуын білдіреді және әскери оқиғалардың қаупін арттырады. Бұл туралы Ресей СІМ басшысының орынбасары Александр Грушко мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz "РИА Новости" сайтына сілтеме жасап.

Бұл жаттығулар Батыстың Ресейге қарсы бағытталған гибридті соғысының тағы бір элементі. Осындай көлемдегі, яғни 90 мың жеке құрам және 31 елдің қатысуымен өтетін жаттығулар –НАТО-ның қырғи-қабақ соғысты қамтамасыз ету схемаларына түпкілікті және қайтарымсыз оралуын білдіреді. Себебі әскери жоспарлау процесі, ресурстар мен инфрақұрылым тікелей Ресейге қарсы бағытталған, - деді Грушко.

Дипломаттың айтуынша, жаттығулардың мақсаты дәл осыны көздейді.

Жаттығулар аясында барлық операциялық орталарда және байланыс аймағындағы «салыстырмалы қарсыласпен» соқтығысудың ықтимал сценарийлерін пысықтау үшін бірқатар маневрлер мен жаттығулар өткізіледі, – деп түсіндірді дипломат.

Айта кетейік, 18 қаңтарда НАТО-ның Еуропадағы біріккен күштерінің Бас қолбасшысы Кристофер Каволи Солтүстік Атлантикалық альянс келесі аптада 2024 жылдың мамырына дейін жалғасатын соңғы жылдардағы ең ірі Steadfast Defender («Мықты қорғаушы») жаттығуларын бастайтынын хабарлады. Оларға НАТО елдерінен, сондай-ақ Швециядан 90 мыңға жуық әскери қызметші тартылады.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91