Пәкістан мен Иран өзара атыстан кейін татуласуға келісті

Пәкістан СІМ басшысы Иранды қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа шақырды

Админ
21/01/2024 - 21:08

Khaled Abdullah / Reuters

Khaled Abdullah / Reuters

Пәкістан мен Иран осы аптада әуе шабуылдарымен алмасып, нысанаға содырларды алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz РБК сайтына сілтеме жасап. 

Пәкістан Иранды «өзара сенім рухы негізінде», бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтеуге шақырды. Бұл туралы Пәкістан СІМ екі елдің министрлері Джалил Аббас Джилани мен Хосейн Амир Абдоллахиянның телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.

Әңгіме барысында министрлер деэскалация туралы келісіп, терроризмге қарсы күресте және «өзара қызығушылық тудыратын басқа аспектілерде» ынтымақтастықты нығайту қажеттілігімен келісті. Олар сондай-ақ бұрын шақырылған елшілердің оралуын талқылады.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Иран Ислам революциясының қамқоршылар корпусы Пәкістан аумағына әуе шабуылын жасады. Иранның мәлімдемесі бойынша олар Систан және Белуджистан провинцияларындағы сепаратистерді қолдайтын «Джейш әл-Адль» («Әділет Армиясы») ұйымның нысандарын атқылады.

Исламабад Тегеранның әрекетін айыптап, соққылар салдарынан екі бала қаза тауып, тағы үшеуі жараланғанын хабарлады. Содан кейін Ираннан өз елшісін қайтарып алды.

Екі күннен кейін Пәкістан Иран провинциясында «террористердің жасырынған жерлеріне» соққы берді және «бірнеше содырдың» көзін жойғанын мәлімдеді. Сонымен қатар бүкіл әскерін жауынгерлік дайындыққа шақырды. Шабуылға қарамастан, Исламабад Иран егемендігін құрметтейтінін мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан Иран үш әйел мен төрт баланың қаза тапқаны туралы хабарланды. Тегеран СІМ-ге көрші елдің уақытша сенімді өкілін шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ тараптарды ұстамдылыққа шақырды, ал Қытай шешімге делдал болуды ұсынды.

Ресей СІМ-і Тегеран мен Исламабад «дәстүрлі тату көршілік рухында» келісімнің жолын табатынына үмітті. Сондай-ақ Мәскеу халықаралық терроризмге қарсы күресте ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85