Сирияға шабуыл кезінде Иранның 5 барлау қызметкері қаза тапты

Иран шабуылды Израиль жасады деп кінәлап отыр

Админ
21/01/2024 - 17:14

GETTY IMAGES

GETTY IMAGES

Иранның Сириядағы барлау қызметінің жетекшісі мен Ислам революциясының қамқоршылар корпусының (ИРҚК) 4 мүшесі Дамаск аудандарының біріне жасалған зымыран шабуылында қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz bbc.com сайтына сілтеме жасап. 

Қаза тапқандар қатарында Сириядағы ИРҚК ақпараттық бөлімшесінің басшысы да бар. Иранның Mehr ақпарат агенттігінің ақпаратынша, қамқоршылар корпусының Сириядағы барлау бөлімінің бастығы Юсеф Омидзаде, оның орынбасары және басқа да әскерилер қаза болған.

Меззе ауданындағы тұрғын үйге жасалған соққы салдарынан тағы 10 адам қайтыс болған.

Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі болған оқиғаны "Израиль агрессиясының әрекеті" деп атады.

Иран президенті Ибрахим Раиси шабуылға қатысты мәлімдеме жасап, оған Израильді кінәлады. Ол мұндай әрекеттер "жауапсыз қалмайды" деп мәлімдеді.

Иранның Сыртқы істер министрлігі соңғы шабуылдар Израильдің "агрессивті және арандатушылық" әрекеті деп мәлімдеді және халықаралық қауымдастықты оларды айыптауға шақырды.

Израиль Сирия астанасын зымыранмен атқылауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85