АҚШ пен одақтастардың Ирактағы базасына зымырандармен шабуыл жасалды

Ирактағы халықаралық коалиция базасы Иранмен байланысты жергілікті содырлардың зымырандық шабуылына ұшырады

Админ
21/01/2024 - 16:03

Ayman Henna/AFP

Ayman Henna/AFP

Ирактың әл-Анбар провинциясындағы Айн әл-Асад әскери базасына кем дегенде 15 зымыран ұшырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл базада АҚШ басқаратын "Ислам мемлекетіне" қарсы халықаралық коалиция күштері орналасқан. Екі зымыран базадағы нысандарды қиратқан, сондай-ақ Ирактың бір әскери қызметкері зардап шекті.

Қалған 13 зымыран Әуе қорғанысы құралдарымен жойылды. 

Шабуыл үшін жауапкершілікті ираншыл "Хашд аш-Шааби" коалициясымен байланысы бар "Ирактың исламдық қарсылығы" қарулы топтарының еркін одағын алды.

Содырлар альянсы Палестина-Израиль қақтығысы күшейгеннен кейін АҚШ әскери нысандарына шабуылды күшейте түскен. Қазан айының ортасынан бастап АҚШ әскери күштері осындай 100-ден астам шабуылды тіркеді.

Осы шабуылдарға жауап ретінде АҚШ содырлардың болжамды позицияларына соққы жасап келеді.

"Ирактың исламдық қарсылығы" қаңтар айының басында, егер АҚШ Йемендегі хусит нысандарына шабуыл жасаса, өзінің барлық ресурстарын тарта отырып, "АҚШ базасына шабуыл жасаймыз" деп мәлімдеген еді.

Мәлімдеме АҚШ хуситтерге соңғы айларда жалғасып жатқан Қызыл теңіз кемелеріне жасалған шабуылдардың салдары туралы ескерткеннен кейін жасалды.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91