Түркияның тұңғыш ғарышкерінің сапары кейінге шегерілді

Бұл туралы ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр мәлім етті

Нұрдәулет Кәкіш
18/01/2024 - 22:09

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркияның Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр (түріктен тұңғыш рет) Алпер Гезеравжы мүше болған «Ax-3 миссиясы» ғарыш сапарының 19 қаңтарға шегерілгенін мәлімдеді, хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.

Мехмет Каджыр «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында Түркияның тұңғыш ғарыш сапарының 1 күн кейінге шегерілгенін атап өтті.

«Тұңғыш Алпер Гезеравжы ғарышкеріміз мүше болған ғарыш сапары кейінге қалдырылды. Жоспарланған жаңа ұшыру уақыты  – 2024 жылдың 19 қаңтары күні Түркия уақытымен сағат 00.49. Ұшу уақытына дейін техникалық тексерулердің аяқталуы жоспарлануда. Ғарышкеріміз Гезеравжының бұл тарихи миссияны сәтті орындауына тілектеспіз», - деді Каджыр.

Мехмет Фатих Каджырдың «SpaceX» компаниясының «X» әлеуметтік желісінде жасаған мәлімдемесінде Халықаралық ғарыш стансасына бүгінге жоспарланған «Ax-3 миссиясының» АҚШ-тың жергілікті уақытымен 18 қаңтар күні ұшырылатыны хабарланды.

Бұған дейін Түркиядан тұңғыш рет түрік азаматының ғарышқа ұшатыны жарияланған болатын.

×

Редакция

$ 521.67  592.46  6.32