Германия парламенті Украинаға зымырандарды жеткізуге қарсылық білдірді

Taurus зымырандары Украинаға жақын арада жеткізілуі екіталай

Ануар Маратов
18/01/2024 - 20:10

Фото: SAAB

Фото: SAAB

Германия заң шығарушы органы «Христиан демократтары» ұсынысына қарсы дауыс берді, оған «Taurus» қанатты зымырандарын Украинаға жеткізу туралы тұжырым кірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Politico-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Дауыс беруге қарамастан, «Таурустарды» Украинаға жеткізу туралы түпкілікті шешімді Германияның Федералды қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Германия канцлері Олаф Шольц қабылдайды. Алайда Франция, Ұлыбритания және АҚШ  көптеген оқ-дәрі жібергеніне қарамастан, канцлер Украинаға «Taurus» жеткізу туралы ұсынысқа қарсылық білдірді.

«Taurus» – ұшақтан ұшырылатын швед-неміс қанатты зымыраны. Ұшу қашықтығы – 500 км. 

Сейсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон Taurus-қа ұқсас қосымша 40 SCALP-EG қанатты зымыранды қамтитын Украинаға көмек пакетін жариялады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85