«Түркия қайда, біз қайдамыз»: Грекия Қорғаныс министрі Түркияның озып кеткенін мойындады

Ол грек авиация және қорғаныс өнеркәсібінің үлкен мәселелері бар екенін айтты

Админ
18/01/2024 - 16:48

Фото: TRT

Фото: TRT

Грекия Қорғаныс министрі Никос Дендиас авиация өнеркәсібі саласында Түркияның өз елінен әлдеқайда алда екенін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.

«1980 жылы Түркия қайда еді, біз қайда едік? Ал енді қазір 2024 жылы Түркия қайда және біз қайдамыз? Соған қараңыздар. Түркия бастамалар көтерді.  Ал біз артқа қарай қадам бастық», - деді Никос Дендиас «Kathimerini» газетіне берген сұхбатында.

Ол грек авиация және қорғаныс өнеркәсібінің үлкен мәселелері бар екенін айтты. 

«Қазір қолымызда не бар? Ештеңе жоқ», - деді ол.

Дендиас Грекия Қарулы күштеріне қаржы қарастырылғанмен, бұл жағдайды аса жақсарта алмайтынын атап өтті.

Грекияның Америка Құрама Штаттарынан F-35 ұшақтарын алатынын тілге тиек еткен министр Дендиас:

«Пирамиданың тең шыңына қару жүйесін қосып, табандағы мәселелерді елемей алға жылжи алмаймыз. F-35 әскери ұшақтары бар,  бірақ қолында жеткілікті тасымал ұшағы жоқ әуе күштері заманауи деп саналмайды», - деді.

×

Редакция

$ 523.86  544.34  5.11