Бүгін Түркиядан ғарышкер тұңғыш рет ғарыш миссиясына аттанады

Режеп Тайып Ердоған ғарышкерге сәттілік тіледі

Нұрдәулет Кәкіш
18/01/2024 - 15:15

Фото: TRT

Фото: TRT

Бүгін Түркияның тұңғыш ғарышкері ретінде Алпер Гезеравжы алғаш рет ғарыш миссиясына аттанады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық Ғарыш бағдарламасының алғашқы сатысы болып саналатын «алғашқы ғарышкермен ғарыш миссиясы» шеңберінде Халықаралық ғарыш стансасынан ұшырылатын тұңғыш түрік ғарышкері Алпер Гезеравжымен сөйлесті.

Министрлер кабинеті жиналысы кезінде өткен кездесуде Ердоғанның:

«Ғарыш міндетін атқаратын тұңғыш азаматымыз сен боласың. Ұлтымыздың мақтанышы боласың. Дайынсың ба?» - деген сұрағына Гезеравжы дайын екенін білдірді.

«Осы міндет әрі ғылым миссиясы әрі балаларымызға, жастарымызға шабыт болатындай құнды әрі жаңа бастама болады деп сенемін. Осы миссия жалғасын табады. Мақсатты арттыра береміз. Саған және командалас жолдастарыңа табыс тілейміз. Аман-есен міндетті атқарып келуіңе тілектеспін. Алла жар болсын. Жолың ашық болсын», - деді Ердоған.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4