Иран Пәкістандағы «Джейш аль-Адл» тобының штаб-пәтерлеріне соққы жасады

«Джейш аль-Адл» ұйымына тиесілі маңызды базалар жойылды

Ануар Маратов
17/01/2024 - 17:57

Фото: Tasnim News

Фото: Tasnim News

Иран Пәкістанның Панджур қаласының маңындағы «Джейш аль-Адл» тобының штаб-пәтерлеріне зымыранмен және дрондармен соққылар жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Tasnim News-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәліметтерге сәйкес, бұл базалар зымыран және дрондардың соққыларынан кейін мүлдем жарамсыз болып қалды.

Пәкістан билігі Иранның әрекетін заңсыз деп атады және екі бала қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алғанын мәлімдеді. Пәкістанның сыртқы істер министрлігіне Иранның уақытша сенімгері шақырылды, оған «елдің әуе кеңістігінің себепсіз бұзылуына» наразылық білдірді.

«Соққыдан екі бала қаза тауып, үш қыз жарақат алды. Пәкістанның егемендігіне нұқсан келтіру – ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айының ортасында «Джейш аль-Адл» тобы (Иранда «Джейш аль-Зульм» деген атпен белгілі) Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясының Раск қаласындағы полиция бөліміне шабуыл жасады. Салдарынан Иранның 11 полиция қызметкері қаза болды.

«Джейш аль-Адл» – негізінен белуджи ұлтынан тұратын топ. Топ Иранның Систан және Белуджистан провинцияларының аумағында тәуелсіз мемлекет құруды мақсат етеді, бұл провинция Иранның Пәкістанмен шектесетін шығыс аймағы болып саналады. Қозғалыс Иран әскери күштеріне жиі шабуыл жасайды. Ал Систан мен Балужистанның өзі Иранның ең тұрақсыз аймақтарының бірі болып есептеледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93