Әлемде тағы бір соғыс оты тұтанғалы тұр: Сомали Эфиопияға соғыс ашуы мүмкін

Араб лигасы жексенбіде Сомали мен Эфиопия арасындағы шиеленісті талқылау үшін министрлер деңгейіндегі жедел отырыс өткізетінін хабарлады

Sarbaz.kz редакторы
16/01/2024 - 18:26

Фото. vipdis.ru

Фото. vipdis.ru

Сомали елі Эфиопияның Сомалилендтің бөлінген аумағын мойындауына және сол жерде порт салуына жол бермеу үшін соғыс бастауы мүмкін. Бұл туралы Сомали президентінің кеңесшісі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Эфиопия елі теңізге шыға алмайды. Енді бұл мемлекет 1 қаңтар күні Сомалиленд жағалауында теңіз базасын құруға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды. Бұл жағдай Африка елдерін дүр сілкіндірді, деп жазады The Guardian.

Сомали мемлекеті Сомалилендті өз аумағы ретінде қарастырады. Тиісінше Эфиопия мен Сомалиленд арасындағы мәмілені жарамсыз деп жариялады. Өткен жексенбіде ел президенті Хасан Шейх Мохамуд сомалиліктерді «Отанды қорғауға дайындалуға» шақырды. Ал Сомали астанасы Могадишо қаласында Эфиопия мен Сомалиленд арасындағы келісімге қарсы митингілер өтті.

Қаңтар айының басында Эфиопияның Сомалилендпен теңіз келісімін жасауына байланысты Сомали Эфиопиядан өз елшісін қайтарып алды. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастың үзілуінің бір белгісі болса керек.

Шиеленістің күшеюінің тағы бір себебі – Эфиопия Армиясының штаб бастығы әскери ынтымақтастықты талқылау үшін Сомалилендтегі әріптестерімен келіссөздер жүргізді.

Араб лигасы жексенбіде Сомали мен Эфиопия арасындағы шиеленісті талқылау үшін министрлер деңгейіндегі жедел отырыс өткізетінін хабарлады.

Араб лигасына мүше бірнеше ел, оның ішінде Египет Эфиопия мен Сомалиленд арасындағы келісімді қабылдамайтындарын және Сомалидің тұтас аумағын қолдайтындарын білдірді.

Айта кетейік, Эфиопия мен Сомали арасында 1977-78 жылдары даулы аймаққа байланысты қақтығыс жүрген және шиеленіс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Эфиопия 2006 жылы Сомалиге басып кіріп, «Аш-Шабааб» көтерілісшілеріне көмектескен болатын.

Сомалиланд 1960 жылға дейін Ұлыбританияның колониясы болған. Бұл аумақ Сомалиге өз еркімен қосылғанға дейін бес күн бойы тәуелсіз болды. Бірақ 1991 жылы Сомалиленд қайта бөлініп шыққан.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85