Үндістан шілденің 30-ы күні ғарышқа спутнигі бар зымыран ұшырмақ
Орбитаға жіберілетін негізгі спутниктің салмағы 360 келі, деп хабарлайды Sarbaz.kz агенттігі Business Standard сілтеме жасап.
Ол замануи технологиямен жабдықталған. Бұл қондырғының өндірісіне Сингапур атсалысқан болатын. Спутник мемлекеттік органдардың зерттеу жұмыстарына пайдаланылмақ.
Айта кетейік, осы айдың басында Үндістан Айға 3-экспедициясын бастады. Станция тамыздың ортасына дейін ұшады. Егер бәрі сәтті өтсе, онда Үндістан өз модулін аспан денесінің аз зерттелген оңтүстік полюсіне қондыра алған алғашқы ел болады.