Соғыстың басталғанына 100 күн: Газадағы ахуал қандай?

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны: 23 843

Ануар Маратов
15/01/2024 - 18:30

Фото DPA / TASS

Фото DPA / TASS

Израиль қорғаныс әскері жексенбіде Газа секторындағы, Батыс жағалаудағы және Ливандағы операциялары туралы мәліметтер жариялады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Газадағы соғыстың басталғанына 100 күн болды. Соғыстың салдары осындай: 

ҚАЗА БОЛҒАНДАР САНЫ

  • Газада қаза тапқан палестиналықтар саны: 23 843;
  • Израильде қаза тапқандар саны: 1200-ден астам;
  • Батыс жағалауда қаза тапқан палестиналықтар саны: 347.

БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАР

Газада қаза тапқан бейбіт тұрғындар: бейбіт тұрғындар арасындағы соғыс құрбандарының саны белгісіз, әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар – қаза тапқандардың үштен екісін құрайды. 

  • 7 қазанда Израильде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны: 790;
  • БҰҰ-ның Газада қаза тапқан қызметкерлері: 148;
  • Газада қаза болған медицина қызметкерлері: кем дегенде 337;
  • Газада қаза тапқан журналистер: 82.

ИЗРАИЛЬ ӘСКЕРІ – ХАМАС ӨКІЛДЕРІ

  • 7 қазанда қаза тапқан Израиль әскерінің саны: 314;
  • Израиль өлтірген ХАМАС өкілдерінің саны: 8000-нан астам;
  • Газада жердегі шабуыл барысында қаза тапқан израильдік сарбаздар саны: 188;
  • Солтүстік майданда (Ливан шекарасы) қаза тапқан израильдік сарбаздар саны: 9;
  • Газа мен елдің солтүстігінде «достық атыстан» немесе «жазатайым оқиғалардан» қаза тапқан израильдік сарбаздардың саны: 29.

ГАЗАДАҒЫ ҚИРАНДЫЛАР, ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ

  • Газдағы зақымдануы / бұзылуы мүмкін ғимараттардың пайызы: 45-56%;
  • Газадағы ауруханалар ішінара жұмыс істейді: 15/36;
  • Аштық жағдайына тап болған Палестина азаматтары: 576 600 (халықтың 26%-ы);
  • Газада бүлінген мектеп ғимараттарының пайызы: 69%-дан астам;
  • Бүлінген мешіттер: 142
  • Зақымдалған шіркеулер: 3
  • Зақымдалған жедел жәрдем көлігі: 121
  • Мектепке бармайтын оқушылар: 625 000 (оқушылардың 100%)

ЖАРАҚАТ АЛҒАНДАР

  • Газада жараланған палестиналықтар: 60 005
  • Батыс жағалауда жарақат алған палестиналықтар : 4 000-нан астам
  • Жараланған израильдіктердің жалпы саны: 12 536
  • Израильдік сарбаздар жердегі шабуылдан жарақат алды: 1 085
  • Израиль сарбаздарының 7 қазаннан бастап жарақат алғандар саны: 2 496


Фото: AP Photo

ҚОНЫС АУДАРҒАНДАР ЖӘНЕ БОСҚЫНДАР

Газадан қоныс аударған палестиналықтар саны: 1,9 миллион (Газа халқының 85%-ы)

Солтүстік және Оңтүстік шекаралас қауымдастықтардан қоныс аударған израильдіктердің саны: 249 263 (халықтың 2,6%-ы)

КЕПІЛГЕ АЛЫНҒАНДАР/ТҰТҚЫНДАР

  • 7 қазанда ХАМАС тұтқындаған және кепілге алған адамдар саны: 253
  • Кепілден босатылды: 121
  • ХАМАС әлі де кепілде ұстап отырғандар саны: 132
  • ХАМАС тұтқындағаннан кейін өлтірген немесе қайтыс болғандар саны: 33
  • Палестиналық тұтқындар бір апталық соғыс үзілісі кезінде босатылды: 240

Айта кетейік, Газа секторына Израиль тарапынан барлығы 30 000 соққы жасалды. Ал Ливан мен Сирия шекарасында шамамен 750 соққы болды

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16