Жапония Қорғаныс министрлігі зымыран туралы барлық қажетті ақпарат жинап жатыр
КХДР қарулы күштері атқан снаряд Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс теңізге құлады, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Корея 2024 жылы алғаш рет баллистикалық зымыран ұшырды. Жапониялық Жағалау күзеті мен елдің Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, снаряд шығыс жағалаудан атылып, Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс теңізге құлады. Қазіргі кезде Токио зымыран туралы барлық қажетті ақпаратты жинап жатыр.
Соңғы апталарда Корей түбегіндегі шиеленіс күшейе түсті. Қаңтар айының басында КХДР Оңтүстік Корея аралдарына қарай 200-ден астам снаряд атты. Бұған жауап ретінде Оңтүстік Кореяның қарулы күштері жауынгерлік жаттығулар өткізді.
Былтыр желтоқсанда Пхеньян бірнеше сынақтардан кейін құрлықаралық зымыран ұшырды. Солтүстік Корея тарапының мәліметі бойынша, оның ұшу қашықтығы 1002,3 шақырымға жетеді. Ал қараша айында КХДР өзінің алғашқы әскери барлау спутнигін ғарышқа жіберді.