Нетаньяху Газадағы соғыстың аяқталу шартын атады

Израиль премьер-министрінің айтуынша, соғыс Газа секторының шекарасына бақылау орнатпайыша аяқталмайды

Админ
14/01/2024 - 23:49

Maya Alleruzzo / EPA / ТАСС

Maya Alleruzzo / EPA / ТАСС

WSJ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ЦАХАЛ Египетке дейінгі шекараны бақылауға алу үшін әскери операцияға дайындалып жатқанын жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Біз Египет шекарасына дейінгі аймақты бақылауға алмайынша, соғысты аяқтамаймыз. Әйтпесе ХАМАС жойылмайды, Газа секторы қарусыздандырылмайды және оңтүстіктегі саңылау арқылы эксклавқа одан да көп қару келетін болады. Сондықтан бұл мәселені жауып тастауымыз қажет. Әзірге бірнеше жоспар бар, әлі нақты шешім қабылданған жоқ, - деді ол.

Желтоқсан айының соңында Нетаньяху Газа секторын «тазартқаннан» кейін ЦАХАЛ Филадельфия дәлізі деп аталатын аумақты, яғни Палестина эксклавы мен Египет шекарасы бойындағы 14 км аумаққа бақылау орнататынын мәлімдеді. 

Сол кезде Египет өкілдер палатасының мүшесі Мұстафа Бакри бұл мәлімдемені сынға алып, мұндай әрекетін ел егемендігіне қол сұғу және Израиль мен Египет арасындағы бейбіт келісімді бұзу деп атады.

Бұған дейін Израиль Египетке Филадельфия дәлізін бақылауға алу үшін әскери операцияны бастау жоспары туралы хабарлаған. Бұл операцияны Израиль басшылары толық мақұлдамады, сондай-ақ көп нәрсе Египет Үкіметімен жүргізілетін келіссөздерге байланысты болады. 

Дегенмен Египет тарапы Израильдің екі ел арасындағы шекарасында бірлескен патрульдеу туралы ұсынысын қабылдамаған болатын. 

Тегтер

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53