Швеция ресейлік қауіпке қарсы тұру үшін екі сүңгуір қайық құрастырып жатыр

Швеция НАТО-ның шығыс шекараларын Ресейдің ықтимал теңіз операцияларынан қорғау мақсатында екі сүңгуір қайық салуға кірісті

Админ
14/01/2024 - 22:25

Getty Images

Getty Images

Blekinge және Skåne деп аталатын 66 метрлік A26 типті дизельді-электрлік сүңгуір қайықтар 2027 және 2028 жылдары дайын болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Бұл Швецияның 1990 жылдардың ортасынан бастап салған алғашқы сүңгуір қайықтары болмақ.

Қазіргі кезде Швецияда 4 сүңгуір қайық бар екенін айта кетейік. Барлық сүңгуірлер Балтық теңізінде жауынгерлік кезекшілікте болады. Жұмыстарды Карлскрундағы кеме жасау зауытында әскери техникана шығарумен айналысатын Kockums компаниясы (Saab концернінің бөлімшесі) істеп жатыр. 

Швеция өзінің суасты флотын жаңартумен айналысып жатқан жалғыз Солтүстік Еуропа елі емес.

Жақында Норвегия Германияның Thyssenkrupp Marine Systems (TKMS) концернінен 4 жаңа сүңгуір қайыққа тапсырыс берді. Ал 2004 жылы «еш қажеті жоқ» деп өзінің әскери-теңіз күштерінен бас тартқан Дания жақында оны қайта жандандыратынын мәлімдеді.

Батыс елдері Ресейден қалып кеткісі келмейді, себебі оларда 2030 жылға қарай 50 жауынгерлік сүңгуір қайық болады. 

Швецияның теңізден келетін қауіпке қатысты алаңдаушылығы бекер емес, өйткені оның аумақтық суларына соңғы кездері белгісіз сүңгуір қайықтар бірнеше рет басып кірді. Мәселен 2022 жылы оның эксклюзивті экономикалық аймағында «Солтүстік ағын» газ құбырында жарылыс болды, ал былтыр оны Эстониямен байланыстыратын су асты байланыс кабелі зақымдалды.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85