Коронавирустан қауіпті: Давоста белгісіз «Х ауруы» туралы айтылады

Жиын 17 қаңтарда өтеді

Админ
14/01/2024 - 21:36

ТАСС/Артем Геодакян

ТАСС/Артем Геодакян

Кездесуге ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейюс, Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы және басқа да денсаулық сақтау мамандары қатысады, хабарлайды Sarbaz.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап. 

«Х ауруы» 2024 жылдың 15-19 қаңтары аралығында Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) тақырыптарының бірі болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгісіз «Х ауруы» кезінде коронавирус пандемиясындағы өлім-жітім санынан 20 есе көп болуы мүмкін екенін ескертті. Осыған орай әлем бойынша денсаулық сақтау жүйесі алдағы көптеген қиындықтарға қалай дайындалу керек деген сұрақтарға жауап іздейді, - делінген кездесу туралы хабарландыруда.

Талқылау 17 қаңтарда өтеді. Айта кетейік, Гебрейюс қаңтар айында коронавирустың қайта өршуіне байланысты маска киіп, вакцинациялауға шақырды.

«Х ауруы» дегеніміз не?

ДДҰ мәлімдемесі бойынша пандемия тудырған коронавирусты бірінші «Х патоген» деп тану керек. Бірінші пандемиядан кейін басқалары да болуы мүмкін. «Х ауруы» - бұл халықаралық эпидемияны тудыруы мүмкін белгісіз ауру. Мұндай эпидемияны адамзатқа белгісіз қоздырғыш тудыруы мүмкін деп саналады.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91