Трамп үшінші дүниежүзілік соғыстың жақындағанын мәлімдеді

Экс-президенттің пікірінше, Джо Байденнің әкімшілігі АҚШ-ты әлсіз және тиімсіз мемлекетке айналдырды

Админ
14/01/2024 - 20:23

© AP Photo / Godofredo A. Vásquez

© AP Photo / Godofredo A. Vásquez

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың айтуынша, әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына осыншалықты жақын болған емес және ол сондай қақтығысты болдырмаудың жолын біледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Меніңше, біз үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына аз-ақ қалдық. Мен ондай дүниежүзілік қақтығысты болдырмауға сөз беремін. Ол туралы әрдайым айтып келемін және ол қолымнан келеді, - деді Трамп Айова штатында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ оның айтуынша,елдің қазіргі президенті Джо Байденнің әкімшілігі кезінде АҚШ-тың пікірі әлемдік аренада еш еленбей, олар әлсіз әрі тиімсіз мемлекетке айналды.

Байден өте қабілетсіз. Ол жақсы білетін жалғыз нәрсе - сайлауда алдау. Олар (демократтар - ред.) сайлау нәтижелерін бұрмалаумен жақсы айналысады, сонымен қатар саяси қарсыластарын қудалауда өте жақсы жұмыс істейді. Қолдарынан басқа ештеңе келмейді, - деп атап өтті АҚШ экс-президенті.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16