Қытай СІМ: Тайвань Қытайдың бөлігі және бұл өзгермейді

Тайваньда президент сайлауында билеуші партияның кандидаты Лай Циндэ жеңді

Админ
14/01/2024 - 16:27

Reuters

Reuters

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Тайвань мәселесі ҚХР-ның ішкі ісі деп мәлімдеді. Тиісті мәлімдеме Қытай ведомствосының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тайваньда қандай өзгерістер болса да, әлемде бір ғана Қытай бар және Тайвань Қытайдың бөлігі және бұл өзгермейді, – деді СІМ өкілі.

Ол сондай-ақ Бейжіңнің біртұтас Қытай принципін қорғаудағы ұстанымы өзгермейтінін атап өтті.

Бір Қытай принципі Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік құралы. Біз халықаралық қауымдастық бір Қытай қағидатын ұстануды, Тайвань тәуелсіздігіне қарсы және ұлттық бірігуге ұмтылатын қытай халқының әділ ісін түсінуді және қолдауды жалғастырады деп сенеміз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тайвандағы президент сайлауында биліктегі Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) кандидаты Лай Циндэ жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 41%-ы Лай Циндэге дауыс берді (бюллетеньдердің 80%-ы өңделгеннен кейін).

Ал сайлаушылардың 33%-ы Гоминьдан партиясының кандидаты Хоу Юиді қолдады. Үшінші үміткер Тайван халықтық партиясының (ТХП) басшысы Кэ Вэньчжэ 26 пайызға жуық дауыс жинады.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91