Шешім Украина шекарасына жақын елдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды
Польша Қарулы Күштерінің (ҚК) жедел қолбасшылығы Ресей авиациясының белсенділігінің күшеюіне байланысты республика мен оның одақтастарын Украина шекарасына жақын әскери ұшақтардың ұшып жүргені туралы халықты хабардар етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.
Польша әуе күштерінің мәліметінше, «Украина аумағына соққы беруге байланысты Ресейдің алыс авиациясының белсенділігі артты».
Осы жағдайға байланысты «польшалық және одақтас авиацияны дайын ұстау» туралы шешім қабылданды. Бұл Польшаның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды.