Украина ресейлік «Кинжал» зымырандарын атып түсіре алмады

Ресейлік түнгі бомбалаудың нәтижелері туралы Украина Қарулы күштері (УҚК) есеп берді

Админ
13/01/2024 - 21:48

Есепте «Кинжал» дыбыстан жылдам ұшатын аэробаллистикалық зымырандар 6 рет ұшырылғаны туралы айтылады, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Зымырандар Тамбов ауданындағы МиГ-31 ұшақтарынан ұшырылған.

Украина әскері 20-ға жуық «шабуыл қаруын» (нақты түрін айтпай) нысанаға түспегенін жазды.

Ресей «Кинжал» зымырандарын қолданыстағы әуе қорғанысы құралдарымен қағып түсіру  мүмкін емес екенін айтады. Бірақ украин әскерилері зымырандарды Patriot жүйесі арқылы бірнеше рет атып түсіргенін мәлімдеді.

Бұған дейін Чернигов облысындағы полиция атып түсірілген зымыранның үлкен шұңқырының суретін жариялаған екен.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17