АҚШ Йемендегі хуситтерді Tomahawk зымырандарымен атқылап жатыр

Йемен астанасы Сана мен Ходейда қаласында түнде жарылыстар естілді

Админ
13/01/2024 - 20:15

Global Look Press/Navy Media Content Operations/US Navy

Global Look Press/Navy Media Content Operations/US Navy

АҚШ біржақты соққы жасады. Пентагонның мақсаты хусит радиолокаторы, деп хабарлайды Sarbaz.kz CNN сайтына сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттары сенбіге қараған түні Йемендегі Хуситтердің позицияларына жаңа соққылар жасады.

Арабиялық БАҚ хабарлауынша, Йемен астанасы Сана мен Ходейда қаласында бірқатар үлкен жарылыстар болған. Вашингтон қосымша соққылар жасаған, дегенмен шабуыл алдыңғы түнге қарағанда әлдеқайда аз масштабта болды. 

Пентагон хуситтер қолданатын радиолокациялық қондырғы нысанаға алғанын нақтылады. Соққылар Tomahawk қанатты зымырандарымен жасалды. 

АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметінші, бұл шабуыл 12 қаңтарда жасалған соққылардың жалғасы және хуситтердің теңіз кемелеріне шабуыл жасау қабілетін төмендетуі тиіс.

Айта кетейік, 12 қаңтарға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания Нидерланды, Канада, Австралия және Бахрейннің қолдауымен Йемендегі хусит нысандарына жаппай соққы жасады. 

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91