Израиль геноцидке қатысты айыптауларды жоққа шығарады
Израиль Оңтүстік Африканың БҰҰ Жоғарғы Сотына жасаған шағымында Газадағы әскери операция Палестина халқына қарсы геноцид екенін жалған және «өрескел бұрмаланған» деп жоққа шығарды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Желтоқсан айында БҰҰ-ның Халықаралық сотына (ICJ) арыз берген Оңтүстік Африка Гаагадағы судьялардан Израильге тоқтау салуды бұйыратын төтенше шаралар енгізуді сұрады.
Газаның Денсаулық сақтау органдарының мәліметі бойынша, анклавтың көп бөлігін жойып, 23 мыңнан астам адамның өмірін қиған Израильдің әуе және құрлықтағы шабуылы – Газаның «халқын жоюға» бағытталған.
Израиль сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Тал Беккер сотқа Оңтүстік Африканың шағымы өрескел бұрмаланған деп мәлімдеді.
«Егер геноцид актілері болса, олар Израильге қарсы жасалды. ХАМАС Израильге қарсы геноцидке ұмтылады. Израильдің және Палестинаның бейбіт тұрғындарының қорқынышты азаптары, ең алдымен, ХАМАС стратегиясының нәтижесі», - деді Беккер.
Өз кезегінде ХАМАС Газадағы бейбіт тұрғындар арасында жасырынып жатыр деген айыптауды ХАМАС тобы жоққа шығараы.
«Израиль Палестина халқына емес, ХАМАС-қа қарсы қорғаныс соғысын жүргізіп жатыр», - деді Беккер.