АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі контрабандаға ұласып кетуі мүмкін

Америкалық шенеуніктер мен дипломаттар майданға жіберілген 40 000-ға жуық қару туралы толық есеп бере алмады

Ануар Маратов
12/01/2024 - 16:30

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Құны 1 миллиард доллардан астам зымырандарды, камикадзе дрондарын және түнгі көру көзілдіріктерін америкалық шенеуніктер бақылауында дұрыс ұстамады, деп Sarbaz.kz тілшісі New York Times-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Пентагонның баяндамасында Киевке көбірек әскери көмек жіберуінің салдары қару ұрлауға немесе контрабандалыққа ұласуы мүмкін деген Конгрестің күдігі бар екені айтылған. Дегенмен қорғаныс министрлігінің бас инспекторының есебінде АҚШ-тың Польшадағы әскери логистикалық орталығына, одан әрі Украинадағы майдан шебіне жіберілгеннен кейін қарудың мақсатсыз қолданылғаны туралы көрсетілмеген.

Бірақ Вашингтон мен Еуропадағы америкалық әскери шенеуніктер мен дипломаттар 40 000-ға жуық қару-жарақтың басым бөлігі туралы жылдам әрі толық есеп бере алмағаны анықталды. Олар заң бойынша мұқият бақылауда болуы керек еді. Себебі мұндай қару-жарақ контрабандалыққа ұласып кетуі мүмкін.

Есепте көрсетілген қару-жарақ мөлшері АҚШ-тың 2014 жылдан бері Украинаға жіберген шамамен 50 миллиард долларлық (қару-жарақтардың жалпы құны) көмегінің аз ғана бөлігін құрайды. Осы уақытқа дейін жеткізілген қарулардың көп бөлігі, оның ішінде танктер, әуе қорғанысы жүйелері, артиллериялық қондырғылар мен оқ-дәрілер 2022 жылдың ақпанында Ресеймен соғыс басталғаннан кейін ғана берілді.

«Бейсенбіде жарияланған есепке сүйенсек, Конгрестің Украинаға көбірек әскери көмек көрсету керек деген күмәнін күшейтетіні сөзсіз», – деп атап өтті басылым.

 

 

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91