Бұл елдің заманауи отандық жойғышты құруға ұмтылысындағы маңызды кезең
Оңтүстік Корея KF-21 жойғыш ұшақтарын биыл шығаруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Мемлекеттік қару-жарақ сатып алу агенттігі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Оңтүстік Кореяның заманауи жойғыш ұшақтарын құру жолындағы маңызды кезең болады.
Агенттіктің хабарлауынша, қорғаныс саласында сатып алу басқармасы (DAPA) ұшақ өндіруші - Korea Aerospace Industries Ltd(KAI) компаниясымен бірлесіп, алғашқы жартыжылдықта келісімшартқа отыруға ниетті. Бұл келісімшарт KF-21 жойғышының ауқымды өндірісіне жол ашады.
2015 жылы Оңтүстік Корея Индонезиямен бірлесіп, жаңа жойғыш ұшақтарын әзірлеу жобасын іске қосқан. 2032 жылға қарай Оңтүстік Кореяның әуе күштеріне 120 дана KF-21 техникасы жеткізілуі тиіс.