Украина өз аэродромдарын F-16 жойғыш ұшақтарын қабылдау үшін дайындап жатыр

Ануар Маратов
10/01/2024 - 22:55

Фото: t.me/Pavliuk_KSV

Фото: t.me/Pavliuk_KSV

Украина F-16 жойғыштарын қабылдау үшін аэродромдарын дайындауды бастады. Бұл туралы Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Павлюк өзінің Telegram-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

 

Министр орынбасарының айтуынша, аэродромдар жауынгерлік міндеттерді орындау үшін тұрақты пайдалану режимінде дайындалады.

«F-16 көп мақсатты ұшағын Украинаның қорғаныс күштерінің жалпы жүйесіне біріктіру жұмысы Украинада да, халықаралық әуе күштері коалициясының қызметі аясында серіктестермен де жалғасуда», — деп бөлісті Павлюк.

Осыған дейін Германияның Welt телеарнасы Украина Қарулы Күштері Норвегиядан АҚШ-тың F-16 жойғыштарын алғаннан кейін тағы да қарсы шабуылға шығуы мүмкін деп хабарлады. Украинаның әскері алдағы айларда жаңа шабуылға шығуы мүмкін. Бұл жолы Қырымды көздеуі мүмкін, деп санайды басылым.

Егер Украина осы ұшақтарды пайдалану үшін қажетті жағдай жасаса, Батыс елдері F-16 жойғыштарын Украинаға беруге уәде берді.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41