Руанда елінің әскері Конгоға басып кірді

Қақтығыс кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Ұлас Үсенбай
28/07/2023 - 21:49

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Конго Демократиялық Республикасы Руанда әскерін өз территориясына басып кірді деп айыптады. Көрші елдің армиясы «аумақтық тұтастықты бұзуға» және тұрақсыздандыру әрекеттерін жалғастыруға ниетті екенін Конго Демократиялық Республикасы Қарулы Күштерінің коммюникесі Twitter-дегі ресми аккаунтында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Конго армиясының мәліметінше, Руанданың қорғаныс күштері шекара күзетіне шабуыл жасап, Конго шекарасынан өткен.

«Шекараны күзетуге жауапты және оқиға орнына бағытталған КДР Қарулы Күштерінің бөлімшелеріне Руанда армиясы шабуыл жасады. КДР қарулы күштері жол берілмейтін арандатушылық жасаған Руанда террористеріне қарсы тұрды, содан кейін өз еліне кетті», — делінген мәлімдемеде.

Әскерлердің саны әлі белгісіз, қақтығыстар кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Екі елдің арасындағы қарым-қатынас 2021 жылдың қаңтарында шиеленісе түсті. Оған себеп, Конгоның «23 наурыз қозғалысы» көтерілісшілер тобы КДР-ның шығысында белсенді әскери шабуыл жасаған. Содырларды қолдағаны үшін Конго Руанда билігін айыптайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07