3 ай ішінде «Хезболланың» 130-дан астам жауынгері қаза тапты
«Хезболла» Израильдің солтүстігіндегі базасына жарылғыш дрондарын ұшырып жойқын шабуылға көшті. Бұл шабуылды Ливандағы израильдіктердің әрекеттеріне жауап ретінде жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйым оның дрондары өткен аптада Бейруттағы ХАМАС басшының орынбасары Салех Әл-Аруриді және дүйсенбіде «Хезболла» командирінің өліміне жауап ретінде Цфат қаласындағы Израиль армиясының штаб-пәтеріне соққы берді деп мәлімдеді.
Израиль армиясының өкілі Солтүстік базаға әуеден шабуыл жасалғанын хабарлады, бірақ зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ екенін хабарлады.
Ливанда Израильмен қақтығыс кезінде 130-дан астам «Хезболла» жауынгері қаза тапты, бұл олардың 2006 жылғы соғыстан кейінгі ең ауыр шығыны.