Алтай Республикасында тікұшақ апатқа ұшырап, 6 адам қаза болды

Оқиға Қазақстанмен шекаралас Тюнгур ауылында болған

Ұлас Үсенбай
28/07/2023 - 21:09

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

27 шілде күні Алтай Республикасы Тюнгур ауылында қону кезінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

«112» Telegram арнасы апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының қону сәтіндегі видеоны жариялады. Кадрда әуе кемесінің ағаштардың үстінен ұшып бара жатқанын көруге болады. Видео тікұшақ апаты орын алғанға дейін түсірілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ми-8 Қазақстанмен шекаралас Өскемен маңындағы Тюнгур ауылында құлаған. Қону кезінде тікұшақ электр сымдарына ілініп, апақа ұшыраған.

Мәліметтер бойынша апат салдарынан алты адам қаза тауып, жеті адам зардап жеккен.

«Интерфакс» агенттігінің мәліметтері бойынша, қаза тапқан алты адамнан басқа, он адам жарақат алған. Ведомствоның мәліметінше, бортта 16 адам болған.

Росавиация Ми-8 тікұшағы «Алтай Авиа» авиакомпаниясына тиесілі екенін және ұшу экскурсиялық топты тасымалдау мақсатында орындалғанын хабарлады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85