Жаңа жүйе 2024 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі
Оңтүстік Корея ескірген жүйелерді ауыстыру және Солтүстік Корея шекарасы бойындағы қауіптерді жақсырақ анықтау үшін жасанды интеллектке негізделген бақылау технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қорғаныс сатып алу бағдарламасы әкімшілігінің (DAPA) мәліметтері бойынша, кеңейтілген мониторинг мүмкіндіктері бар жаңа жүйе осы жылдың соңына дейін шекарадағы посттарға және жағалау бөлімшелеріне енгізілетін болады.
Агенттіктің хабарлауынша, жүйе адамдар мен жануарларды анықтау үшін жасанды интеллекті талдау технологиясын қолданады. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығында бақылау мүмкіндіктерін кеңейту үшін тепловизормен және қысқа толқынды инфрақызыл технологиясымен жабдықталған.
DAPA бұл жүйе жалған дабылдарды азайту арқылы алдыңғы қатардағы әскерлердің жағдайын жақсартады деп күтетінін айтты.
Агенттік жобаны 2022 жылы іске қосты және өткен қарашада S-1 Қауіпсіздік компаниясымен жүйеге қол қойды.
«Біз жасанды интеллектпен ғылыми қорғау жүйесін орналастыруды жеделдетеміз және оны дайындық деңгейін оңтайландыру үшін күзет операцияларында белсенді қолданатын боламыз», - деп құрлықтағы операциялар қолбасшылығының басшысы генерал Сон Сик мәлімдеді.