Ол Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболланың» операцияларына жетекшілік етті
Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе шабуылында «Хезболла» ұйымының жоғары дәрежелі командирі көз жұмды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Мадждал-Сельм қаласының маңындағы көлікке жасалған соққының нәтижесінде «Хезболла» тобының «Радван» арнайы бөлімшесі командирлерінің бірі Виссам ат-Тавилдің қаза тапқаны белгілі болды. Басылымның жазуынша ол «Хезболланың» ең жоғары дәрежелі офицері.
Дереккөздердің бірі бұл оқиғаны «өте ауыр соққы» деп атады.
Ал Израиль тарапы бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.