Украинаға жасалған кезекті зымыран шабуылы: 18 қанатты зымыран атып түсірілді

Ресей барлығы 59 әртүрлі оқ-дәрі ұшырды

Ануар Маратов
09/01/2024 - 15:06

Фото: УНИАН / «Кинжал» зымыранымен жабтықталған МиГ-31К

Фото: УНИАН / «Кинжал» зымыранымен жабтықталған МиГ-31К

Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный 8 қаңтарда Ресей Федерациясының атып түсірілген зымырандар мен дрондар есебін жариялады: 18 қанатты зымыран мен 8 шабуыл дроны жойылды, деп Sarbaz.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Ресей Федерациясы Украинаға жасалған әуе шабуылы аясында 59 шабуыл құралын қолданды: Ресей арсеналында қанатты, авиациялық, баллистикалық, зениттік басқарылатын зымырандар мен шабуыл дрондары болды, деп нақтылады ол.

Украинаға соққы беру үшін Ресей Федерациясы мынадай техникаларды қолданды:

  • 8 «Shahed-136/131» типті шабуыл дрондары;
  • 7 С-300/С-400 зениттік басқарылатын зымыран;
  • 4 Х-47М2 «Кинжал» аэробаллистикалық зымырандары;
  • 24 Х-101/Х-555/Х-55 қанатты зымырандары;
  • 8 X-22 қанатты зымыраны;
  • 6 «Искандер-М» баллистикалық зымыраны;
  • 2 Х-31П авиациялық зымыраны.

Әуе қорғанысы күштері аспанда 8 «Shahed-136/131» шабуыл дрондарын және 18 Х-101/Х-555/Х-55 қанатты зымырандарын жойды, деп атап өтті Залужный.

Шабуыл кезінде Ресей Украинаның маңызды, азаматтық, өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарына соққы берді, сондай-ақ әскери нысандарға шабуыл жасады.

Ресей Федерациясының баллистикалық зымырандары 4 аймаққа бағытталды: Харьков, Днепропетровск, Запорожье және Хмельницкий облыстарына, деп атап өтті Залужный.

Өз тарапынан Украинаның әуе күштері акценттеді:

«Атып түсіре алмаған жаудың барлық зымыраны өз нысаналарына тиді», - делінген хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85