Соғыс басталғаннан бері 22 мыңнан астам палестиналық көз жұмды
Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС командалық құрылымын «бөлшектеуді аяқтады» деп мәлім еттті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагари журналистерге палестиналық содырлар қазір бұл аймақта тек арасында және «командирлерсіз» жұмыс істейтінін айтты.
Оның айтуынша, Израиль Газаның солтүстігінде 8 мыңға жуық адамды жойған. Дегенмен BBC бұл ақпаратты ресми түрде растай алмайтынын хабарлады.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Израиль күштері соғыс басталғаннан бері 22 мыңнан астам адамның өліміне себеп болды. Өткен сенбіде 24 сағат ішінде 120-дан астам өлім тіркелгенін хабарлады.