Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Sarbaz.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Жапонияда 1 қаңтар күні елді дүр сілкіндірген жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күннен күнге артуда.
Сенбі күні билік 126 адамның қайтыс болғанын растады.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанымен, құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын ескертеді.
Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған.
Оларды іздеуге ауа райының қолайсыздығы — қар мен төмен температура кедергі келтіріп отыр.
Билік жалғасып жатқан жерасты дүмпулерінен бүлінген кей жолдар толығымен опырылып қалуы мүмкін екенін айтады.