Шабуыл жасап, оқ-дәрі жеткізе алады: Украина жерде жүретін жауынгер робот жасап шығарды

Қазір роботтың сериялық өндірісі дайындалып жатыр

Админ
06/01/2024 - 17:41

dialog.ua

dialog.ua

D-21-11 роботының алғашқы данасы әскерилердің оң бағасын алып, даладағы сынақтардан өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz dialog.ua сайтына сілтеме жасап.

Украинада D-21-11 роботының алғашқы үлгісі сынақтан өтті. Ол соғыс алаңында барлау жасап, шабуылдай да, қорғана да алады. 

Сондай-ақ роботты оқ-дәрілерді немесе жауынгерлерді майдан шебіне қауіпсіз жеткізу үшін пайдалануға болады. Машина қазірдің өзінде әскерилердің оң бағасын алды.

D-21-11 алынбалы жауынгерлік бөлімі бар, енді әзірлеушілер оған НАТО үлгісіндегі қаруды орнатуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бұл робот жаудың электронды күрес құралдарына төзімді екені айтылды. 

Машинаны Украинаның Қарулы күштеріне жоғары технологиялық өнімдер жасаумен айналысатын Brave1 әзірлеушілер тобы жасап шығарды. Жақында D-21-11 роботының сериялық өндірісі басталмақ.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85