АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың президенттікке үміткер болу не болмауын шешеді

Іс ақпан айында қаралады және оның шешімі бүкіл ел бойынша қолданылады

Админ
06/01/2024 - 16:53

REUTERS

REUTERS

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың Колорадо штатындағы республикалық праймеризге қатысуға тыйым салған сот шешімін қайта қарауға келісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Колорадо Жоғарғы Сотының шешімімен Дональд Трамп 2021 жылғы 6 қаңтардағы тәртіпсіздіктердегі рөліне байланысты президент болуға анықтайтын бастапқы сайлаудағы үміткерлер тізімінен шығарылуы керек.

Заңды тұрғыдан алғанда, Трампқа АҚШ Конституциясының 14-ші түзетуі, яғни «көтеріліске немесе бүлікке қатысқан» кез келген адамға федералды лауазымдарды атқаруға тыйым салу бабы қолданыла ма жоқ па анықталады. Дегенмен бұрынғы президенттің адвокаттары бұл түзету Трампқа қатысты емес деп мәлімдейді.

АҚШ Жоғарғы соты Трамптың шағымын тез қабылдады, себебі апелляция небәрі сәрсенбіде жолданған еді. Сондай-ақ судьялардың айтуынша, шешімді жеделдетілген тәртіпте қабылдайды(әдетте Жоғарғы сотта істерді қарау 4 айдан 12 айға дейін созылады).

Қазіргі кезде Дональд Трамп осы қарашада өтетін сайлауда Республикалық партияның ең ықтимал кандидаты есептеледі. 

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41