Түркия, Болгария, Румыния Қара теңіздегі миналарды тазартуға келісті

Тодор Тагарев Түркия және Румыниямен Қаратеңіздегі миналарды тазарту туралы келісімге қол қоятындарын мәлімдеді

Админ
05/01/2024 - 21:59

Фото: TRT

Фото: TRT

Болгария Қорғаныс министрі Тодор Тагарев алдағы аптада Стамбулда Түркия және Румыниямен Қара теңіздегі миналарды тазарту туралы келісімге қол қоятындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

Болгария ақпарат агенттігінің  хабарлауынша, Тодор Тагарев елдің оңтүстік-батысындағы Благоевград қаласында Қара теңіздегі теңіз миналарына қарсы күреске қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.

Тагарев Болгария, Румыния және Түркияның келесі аптада Ыстамбұлда Қара теңіздегі миналардан тазарту туралы келісімге қол қоятынын жеткізді.

Сонымен қатар ол келісім мәтіні мен тұжырымдамасы бойынша келісімге келгендерін атап өтті.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4