Түркиядан тұңғыш рет түрік азаматы ғарышқа ұшады

Алпер Гезеравжы 17 қаңтар күні түнде Халықаралық ғарыш стансасынан аттанады

Нұрдәулет Кәкіш
05/01/2024 - 20:53

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр түріктің тұңғыш ғарыш жолаушысы Алпер Гезеравжының 17 қаңтар күні түнде Халықаралық ғарыш стансасынан ұшатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

Министр Түркияның тұңғыш ғарыш жолаушысының «Ax-3» экипажымен бірге Түркия уақытымен сағат 01.11-де ұшатынын айтты.

«Бұл тарихи міндет – Түркияның ғарыш ғылыми зерттеулерінде маңызды қадам. Сонымен қатар болашақ ұрпаққа үлкен шабыт береді», - деді ол.

Экипаж бір жарым күн ұшқаннан кейін 19 қаңтар күні Халықаралық ғарыш стансасына жетеді деп жоспарланып отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4