Германия Украинаға әскери көмек пакетінің тізімін жаңартты

Marder жаяу әскерінің жауынгерлік машинасы. Пакет тізімінде тағы не болуы мүмкін?

Ануар Маратов
05/01/2024 - 20:02

Skynex әуе қорғаныс қондырғысы. Фото: Rheinmetall

Skynex әуе қорғаныс қондырғысы. Фото: Rheinmetall

Германия Украинаға берілген әскери көмектің тізімін жаңартты. Жаңа пакетке оқ-дәрілер, әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандар, сондай-ақ skynex әуе қорғаныс қондырғысы кірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Германия үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Германия үкіметінің сайтында көмек пакетінің тізімінде Leopard 2A6 танктеріне жарияланбаған оқ-дәрілердің де бар екені айтылады.

Жаңа әскери көмек пакетінің тізімі:

  • Marder жаяу әскерінің 10 жауынгерлік машинасы;
  • IRIS-T SLM Әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандар;
  • TRML-4D екі радиолокациялық әуе бақылау станциясы;
  • Skynex зениттік өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы;
  • 155 мм калибрлі 9 мыңнан аса оқ-дәрі;
  • Екі Wisent 1 минасыздандыру танкісі және Beaver көпірсалғышы;
  • 3 мыңнан аса дулыға;
  • 30 дронды анықтау жүйесі;
  • 10 дана  GO12 жердегі бақылау радарлары;
  • 10 Mercedes-Benz Zetros жүк көлігі;
  • 3 HX81 тракторы және оларға 1 тіркеме;
  • 34 көлік құралы (жүк көліктері, шағын автобустар, жол талғамайтын көліктері);
  • 305 MK 556 автоматы және 750 мың патрон.

Сонымен қатар мыңнан аса қысқы камуфляж торлары мен екі мың қысқы камуфляж пончосы ұсынылды.

Skynex жүйесі тіптен ерекше назар аударып отыр. Зениттік артиллериялық бұл қондырғы Украинаның ресейлік дрондарға қарсы қорғанысын айтарлықтай күшейтуі мүмкін.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91