Ресей Украинаға қарсы Солтүстік Корея зымырандарын қолданды ма?

АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Мәскеу мен Пхеньянның алыс-берісі артып келеді

Ануар Маратов
05/01/2024 - 15:48

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ресей Украина аумағында Солтүстік Кореядан алған баллистикалық зымырандарды ұшыра бастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Washington Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл – Вашингтонның екі дұшпаны арасындағы ынтымақтастықтың соңғы белгісі», – деп хабарлады Ақ үй бейсенбіде.

Ресейдің Солтүстік Корея жеткізген баллистикалық зымырандарды орналастыруы ҚХДР мен РФ-ның әскери ымыраластықтарын көрсетіп отыр.

«Ресей әлемдік аренада оқшауланып, мүдделес мемлекеттерден әскери техника іздеуге мәжбүр», - деді Ақ үйдің өкілі Джон Кирби Вашингтон енгізген санкциялармен Ресейдің шектеулі мүмкіндіктерін ішінара түсіндіре отырып.

Солтүстік Кореяның Ресейге баллистикалық зымырандарды ұшыру қондырғыларын және ондаған баллистикалық зымыран тасығыштарын жеткізгенін хабарлады АҚШ-тың барлау қызметі.

«Біз Ресей мен Солтүстік Корея осы ұшырулардан сабақ алады деп күтеміз. Ресей Украинаның азаматтық инфрақұрылымын жойып, жазықсыз украиндық азаматтарды өлтіру үшін қосымша Солтүстік Корея зымырандарын пайдаланғанын көріп отырмыз. Біз өзге елдердің Ресейдің әскери машинасына жасырын түрде көмектесуіне жол бермейміз», - деп қосты Кирби.

АҚШ шенеуніктерінің мәліметінше, баллистикалық зымырандардың орнына Солтүстік Корея Ресейден әртүрлі әскери жабдықтарды, соның ішінде истребительдерді, жер-әуе зымырандарын, бронды машиналарды, баллистикалық зымыран жабдықтарын және басқа да озық технологияларды алады.

«Полковник Генштабу» Telegram арнасы мәлім еткендей, мамандар табылған зымыран қалдықтарын Солтүстік Кореяның KN-23 (Хвасон-11) және «Искандер» зымырандарымен салыстырып көрді.

Зымыранның сынықтары KN-23-пен салыстырылды. Фото: t.me/war_home

Қалдықтарға қарағанда, зымыранның артқы жағындағы газ-динамикалық тұтқалардың пішіні (кесілген бұрыштары бар қысқа тікбұрышты) КХДР өндірісінің KN-23-ке сәйкес келеді. Ол «Искандердің» аналогы болып саналады. Бірақ ресейлік 9М723 зымыранының түпнұсқасы емес.

9М723(Искандер) зымыранының артқы бөлігі. Фото: t.me/war_home

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91