2 адам қаза тапты
Бағдадтағы про-ирандық Хашд аш-Шаабидің («Халықтық мобилизация күштері») штаб-пәтеріне дронмен жасалған шабуылдан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Al-Arabiya-ға сілтеме жасап.
Расталмаған деректер бойынша, шабуыл кезінде топтың 12-бригадасының командирі, топ басшысының орынбасары Әбу Таква өлтірілді.
Қазіргі уақытта шабуыл үшін ешкім жауапкершілік алған жоқ.
Алайда осы соққы мен сейсенбі күні болған Бейруттағы ХАМАС басшысының орынбасары Салех әл-Аруридің өлімі ұқсас. Екі шабуылдың арасындағы қандай да бір байланыс бар көрінеді.