2023 жылы 140 журналист өлтірілді
2023 жыл өте көп журналист қайтыс болған соңғы онжылдықтағы БАҚ қызметкерлері үшін ең қауіпті жыл болды. Бұл туралы Sarbaz.kz Женевада орналасқан Швейцарияның Press Emblem campaign /PEC / үкіметтік емес ұйымына сілтеме жасап хабарлайды.
«PEC мәліметтері бойынша, 2023 жылы 140 журналист өлтірілген. Оның 90-ы Таяу Шығыста, 20-ы Латын Америкасында, 12-сі Азияда, 11-і Африкада, 4-і Еуропада, тағы 3-і Солтүстік Америкада қайтыс болды», - деп келтіреді статистиканы аталған ұйым.
Соғыс басталғаннан бері Газа секторында 81 БАҚ қызметкері қаза тапқан.
«Біз мұндай кездейсоқ соққыларды айыптаймыз», - деді PEC президенті Блез Лампан.
PEC 2004 жылы маусымда Халықаралық журналистер тобымен құрылды. Оның мақсаты – жанжал аймақтарында, азаматтық тәртіпсіздік аймақтарында және қауіпті миссияларды орындау кезінде журналистердің құқықтық қорғалуы мен қауіпсіздігін күшейту.
Алайда Халықаралық журналистер федерациясының мәліметтері сәл өзгешелеу. Олардың статистикасына сәйкес, 2023 жылы 120 журналист қайтыс болды. Олардың 68 пайызы – Газадағы жанжалдың құрбандары. Қытайда, Гонконгта, Мьянмада, Түркияда, Ресейде, Беларусьта, Египетте, Вьетнамда, Сауд Арабиясында, Үндістанда және Сирияда 400-ге жуық журналист пен БАҚ қызметкерлері түрмеге жабылды.
2022 жылы бүкіл әлем бойынша 67 БАҚ қызметкерінің қаза тапқаны туралы хабарланды.
Халықаралық журналистер Федерациясы – БАҚ кәсіби қызметкерлерінің ірі халықаралық ұйымы. 1926 жылы Бельгияда құрылған. Баспа және электронды баспасөзде жұмыс істейтін журналистердің әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғайды.