Неміс полициясының оғынан қаза тапқан түрік азаматын соңғы сапарға шығарып салды

Ертекин Өзкан Мангейм қаласының орталық зиратына жерленді

Админ
04/01/2024 - 17:30

Фото: TRT

Фото: TRT

Германияда полиция қызметкері атып өлтірген түрік азаматы Ертекин Өзкан Мангейм қаласының орталық зиратына жерленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ге сілтеме жасап.

Жерлеу рәсіміне жүздеген адам қатысты. Олардың арасында Түркияның Карлсруэдегі Бас консулы Махмут Ниязи Сезгин де болды. Жаназа рәсіміне қатысқан полицейлер қызметтік формасыз болған.

23 желтоқсанда Мангейм-Шонау қаласында 49 жастағы Өзканды полиция атып өлтірген еді. Билік Өзканның полиция қызметкерлерін пышақпен қорқытқанын мәлімдеген болатын.

Адам өліміне әкеп соқтырған оқиғадан кейін әлеуметтік желіде неміс полициясының «залалсыздандыру» әдісі қатты сынға алынды. Ғаламтор беттерінде Өзканның өлтірілген сәті көрсетілген көптеген видео жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушылары:

«Полицейлер Өзканды атып өлтірмей-ақ, оны жеңіл жарақаттау арқылы залалсыздандыруға болатын еді» деген пікір білдірді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85