Ресей мен Украина әскери тұтқындарымен алмасты

ISW: Ресей тұтқындарды айырбастау уақытын кездейсоқ таңдаған жоқ

Нұрдәулет Кәкіш
04/01/2024 - 15:46

Фото: tv8.md

Фото: tv8.md

Американдық соғысты зерттеу институты (ISW) Ресей мен Украина арасындағы әскери тұтқындардың алмасуын талдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. Бұл Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бергі ең үлкен және 2023 жылдың тамызынан бергі алғашқы рет тұтқындарды айырбастау болып отыр.

Украина ресми тұлғалары Ресей тұтқынынан 230 әскери қызметші оралғанын, ал Ресей Қорғаныс министрлігі 248 әскери оралғанын хабарлады.

ISW мәліметтері бойынша, Ресейдің дәл қазір айырбас жүргізуге бейіл болғаны кездейсоқ емес. Соңғы апталарда Ресей әскерлерінің украиндық тұтқындарға жасаған іс-әрекеттері олардың Женева конвенциясын бұзғаны туралы бірнеше шағым түскен.

«Ресей басшылығы украиндық әскери тұтқындарға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарламаларға деген сенімділікті төмендету және Ресейді халықаралық құқық аясында әрекет ететін ел ретінде көрсету үшін осындай үлкен алмасуды шешуі мүмкін», деп жазады ISW.

ISW бағалауынша, Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктері Ресейдің гуманитарлық және басқа да құқықтық нормаларды ұстанатындай көрінуіне мүдделі және бұл алмасу кеңірек ақпараттық күш-жігердің бір бөлігі болуы мүмкін.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85