Иран генералы Касем Сүлейманидің қабіріндегі жарылыстан 100 адам қаза тапты

170-тен аса адам жараланды

Нұрдәулет Кәкіш
04/01/2024 - 15:03

Фото: ВВС

Фото: ВВС

Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласының зиратының жанында болған екі жарылыстан 103 адам көз жұмып, 170-тен астамы жараланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Жиналғандар Ислам революциясының қамқоршылар корпусының генералы Касем Сүлейманидің қайтыс болғанының төртінші жылдығына арналған рәсімге келді. Иран билігі болған оқиғаны «террорлық шабуыл» деп атады.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, рәсім барысында екі жарылыс болған.

«Хабар» Иран арнасына берген сұхбатында Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди бұл жарылыстарды «қастандық» деп атап, алғашқы жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат үш шамасында болғанын, ал сағат 3:20 шамасында адамдар мен құтқарушылар көмекке келген кезде екінші жарылыс болғанын хабарлады.

Фото: IRNA

ВВС парсы қызметі жергілікті дереккөздердің хабарламаларына сілтеме жасап, Гользар Шахадаға барар жолда Сахеб әл-Заман мешітінің жанында жарылыстар болғанын жазды. Біріншісі 700 метр қашықтықта, екіншісі Касем Сүлейманидің қабірінен бір шақырым жерде.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, бомбалар екі сөмкеге салынып, қашықтан жарылған, бірақ бұл ақпарат әлі ресми түрде расталмаған.

Халықаралық Қызыл жарты айдың Иран бөлімшесінде көптеген жараланғандардың жағдайы ауыр деп хабарлайды.

Фото: IRNA

«Біздің жедел әрекет ету топтары зардап шеккендерді эвакуациялауда. Бірақ жүгіріп келе жатқан адамдардың көпшілігі жолдарды жауып тастады», - деді Реза Фаллах Иран теледидарына берген сұхбатында.

Иран билігі жарылыстардың мән-жайын тергеу басталғанын мәлімдеді. Ондағы басты нұсқа – террорлық шабуыл.

Иранның сыртқы саясат идеологы Касем Сүлеймани 2020 жылы Иранда АҚШ-тың ғимаратына әуе шабуылынан қайтыс болды.

Фото: SOCIAL MEDIA

Оның жерлеу рәсімі кезінде адам көп болғандықтан, 56 адам қаза тауып, жерлеу рәсімі кейінге қалдырылды.

Тегеран бұл сол кезде АҚШ президенті болған Дональд Трамп тарапынан санкциялаған елге шабуыл жасалғанына сенімді.

Ислам революциясының қамқоршылар корпусының құрамындағы элиталық «Әл-Кудс» арнайы күштерін басқарған Сүлеймани Таяу Шығыста Иранның ықпалын таратуда маңызды рөл атқарды. Олар АҚШ пен Сауд Арабиясы және Израильді аймақтағы Тегеранның басты қарсыластары деп санайды.

Генерал Иранның әскери әрекеттерінің артында тұрған бас стратег болып саналды. Сонымен қатар Иранда да, Сирияда да, Ливанда да, Иракта да, Йеменде де оның ықпалы зор болды.

Ресей президенті Владимир Путинді Сириядағы қақтығысқа араласуға көндірген жалғыз адам осы Касем Сүлеймани деп айтылады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41