БҰҰ Ресей мен Украинаны дереу деэскалацияға шақырды

Деэскалация – зорлық-зомбылықтың алдын алу және даулы мәселелерді келіссөздер тақырыбына айналдыру мақсатында шиеленісті азайтуға, жанжалдың ауқымы мен қарқындылығын бәсеңдетуге бағытталған процесс

Админ
03/01/2024 - 23:03

Фото: REUTERS/Vladyslav Musiienko

Фото: REUTERS/Vladyslav Musiienko

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Ресей мен Украинаны қақтығыстарды тоқтату үшін дереу шаралар қабылдауға шақырды. Бейбіт тұрғындарды қорғауды және халықаралық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ол X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Украина мен Ресейде әскери қимылдардың өршуінен ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Халықаралық гуманитарлық құқық кездейсоқ шабуылдар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасауға тыйым салады», - деді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы X әлеуметтік желісінде.

Ресей әскерлері 29 желтоқсанда Киевке және Украинаның басқа қалаларына әртүрлі типтегі зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды қолданып, бірнеше рет жаппай соққы берді. Бұған жауап ретінде Украина әскерлері 30 желтоқсанда Белгородқа зымыранмен оқ жаудырды. Онда 24 адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті. Сол күні Ресей Харьковқа оқ жаудырды. 2 қаңтарға қараған түні Ресей армиясы Киев пен Харьковты жаппай атқылады.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85